Ақтауда кәріз құдықтарының шойын қақпағын ұрлауды «кәсіп» қылған бес адам ұсталды. Ұрылардың ең үлкенінің жасы 40-қа жақындаса, ең кішісі 20-да. Бұдан бөлек олар Ақтау қаласының аумағында орналасқан кәріз станцияларының бірінен бағалы металды да қолды қылған. Шығын көлемі 105 млн теңгеден асады. Қолының сұғанағы бар жігіттер қазір тергеу абақтысында отыр.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0