Басты ақпаратЖаңалықтар

ШАТҚАЛДАН ШАР-ТАС ТАСЫМАҚ БОЛҒАНДАР ЖАЗАЛАНҒАН ЖОҚ

Маңғыстау облысындағы Торыш шатқалындағы шарлар алқабынан тас алып кетпек болғандар жазаланған жоқ. Өткен демалыс күндері бірнеше адам арнайы техниканың көмегімен туристік нысаннан шар тәріздес тастарды алып кетпек болған еді. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнекадрлар көптің ашуын туғызды. Полицейлер көлік жүргізушісін ұстап, оған ескерту берумен шектелді. Өйткені мұндай іс-әрекет үшін айыппұл салу заңда қарастырылмаған. Дей тұрғанмен, дәл осындай тастарды Ақтаудағы мейрамхана мен ірі-ірі деген қонақ үйлердің алдынан жиі кездестіруге болады.
Толығырақ: https://fb.watch/kAoATpniOU/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *