Жаңалықтар

ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ: ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА (видео)

Атырау, Caspian News. Махамбет көшесі бойындағы 121-ші үйде болған өрттен зардап шеккен пәтер иелері мемлекеттен бір жолғы көмек алу үшін құжат тапсыра бастады.

Алайда оның кімге қаншадан берілетіндігін арнайы құрылған комиссия шешеді. Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметіндегілердің сөзінше, зардап шеккендердің нақты санын анықтау қиын болып тұрған көрінеді. Өйткені, оқиға болардан бұрын басқа жаққа кеткен пәтер иелері әлі оралмапты.

Әзірге демеушілердің көмегімен үйдің шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ, өртке оранған 19-шы және 20-шы нөмірлі пәтерлер әлі қалыпқа келтірілмеген. Себебі, көмек қолын созатын жомарт жандар табылмай жатқан көрінеді. Ал, олардың қожайындары «Жұлдыз» ықшам ауданынан берілген уақытша пәтерде тұрып жатыр. Айтпақшы, өрт болған күні пәтерге түскен ұрылар да ұсталмапты. Және қызыл жалынның нақты неден шыққандығы да анықталмаған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *