Басты ақпаратЖаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ЖҰМА САЙЫН МЕШІТ МАҢЫНДА БОЛАТЫН КЕПТЕЛІСТІ РЕТТЕУДІ ТАЛАП ЕТУДЕ

 

Әр жұма сайын орталық мешіт маңындағы көрініс осы. Жұма намазын оқуға келіп, көліктерін жолдың үстіне қалай болса солай қойып, тіпті бір бағытты жауып тастайтын жүргізушілер өзгелердің ашуын туғызуда.

Ал орталық мешіттің қызметкерлері намаз оқуға келген жандарға тәртіпті бұзбау, өзгелерге кедергі келтірмеу керектігі туралы жиі айтамыз дейді. Бірақ, Жаратушының шариғат бойынша талап ететінін бұлжытпай орындайтындар оның жердегі үйінде қызмет жасайтындардың айтқанын аяқасты етуге құмар секілді.

Полицейлер де басқа күндермен салыстырғанда жұма күні тұрғындар, көлік жүргізушілері тарапынан шағымның көп түсетінін растайды.

Облыс орталығында 14 мешіт бар. Дегенмен көпшілік жұма намазын  орталық мешітте оқығанды жөн көреді. Ал дін қызметкерлері болса, бәрі бірдей орталыққа шоғырланбай, әркім өзіне жақын мешітке барып, құлшылық етсе, жақсы  болар еді дейді.

 

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *