Басты ақпаратЖаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫНЫҢ ЖӨНДІ ТАЗАЛАНБАЙ ЖАТҚАНЫНА РЕНІШ БІЛДІРДІ

Өр суынан қорғану мақсатында Жайық жағалауына қаз-қатар қойылған қапшықтардың алды қазір жинала бастады. Дегенмен, бұл жұмыстың өнімсіз болуы қалалықтарға ұнамай тұр. Редакцияға хабарласқан атыраулықтардың сөзінше әзір тек адамдар жиі жүретін тұс тазаланған.

Ал жұмысшылар әлі жетпеген жақ жауын-шашында ми батпаққа айналса, былай күндері бұрқ-бұрқ еткен шаң боп көтерілуде. Тіпті қапшық алынған жерлердің өзінде топырақ шашылып жатыр дейді олар.

Ал қалалық әкімдіктегілер тұрғындардың сәл шыдамдылық танытуын сұрайды. Тазалық жұмысына 4-5 компания жұмылдырылған. Бірақ олармен  келісім-шарт әлі толық жасақталмапты. Бұл мәселені де көп ұзамай шешеміз дейді қалалық әкімдіктегілер.

Төтенше жағдай кезінде Жайықтың Атырау қаласы аумағындағы жағалауы 107 учаскеге бөлініп, ұзындығы 250 шақырымнан асатын бөгет тұрғызылды. Жағаны бекіту үшін әкімдік 4 млн 900 мың қапшық таратты

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *