Жаңалықтар

Теңіз кенішінде шетелдік азаматтарды ұрып соққаны үшін жаза тағайындалды

Атырау, Caspian News. Теңіз кенішіндегі мыңдаған жұмысшының дүмпуі кезінде шетелдік азаматтарды ұрып соқты деп атыраулық бір азамат қана айыпталып, сот оған үкім шығарды.

Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті тұрғыны «Сисиспи» компаниясында бригадир қызметінде болыпты.

Оны 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалыпты. Сонымен қатар жылыойлық азаматтан 2522 теңге процестік шығын мен жәбірленуші тарапқа 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 37 875 теңге мәжбүрлі төлем өндірілмек. Осыған дейін үй қамақта болған сотталушының жазасы өтеліпті.

Мыңдаған жұмысшының ішінде бірде-бірінің жүзі анық көрінбесе де 26 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны, күш қолданғаны және үш араб ұлтының азаматарының ұрып-соққаны үшін осылайша, кінәлі деп танылды. Алайда ол өз кәнісін мүлде мойындамаған көрінеді.

Еске сала кектейік, «Теңіз» кешіншіндегі Сисипи компаниясындағы жұмысшылардың көтерілісі өткен жылдың маусым айында оралған еді.

Шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың арасындағы қақтығыстан 40-тан астам адам зардап шеккен еді. Бұған әлеуметтік желіге қазақ қызымен түскен суретін салып, жергілікті халықтың наразылығын тудырған Эли Дауд есімді шетел азаматының іс-әрекеті себеп болған еді. Оған қоса, бас көтерген жұмысшылар еңбек жағдайының нашарлығын, өзге де көптеген заңсыздықтарды құзырлы органдарға тізбектеп берген еді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *