Теңіздегі карантин мерзімі 12 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген. Осыған байланысты мұнда көліктің кіріп-шығуын шектеу шаралары әлі де сақталады. Кен орны аумағында персоналдардың сағат 21:00-ден ертеңгілік 5-ке дейінгі аралықта ғана жүруіне рұқсат берілген. Полиция қызметкерлері карантин ережесін назарда ұстау үшін видеокамера арқылы қабатаралық және бөлмеаралық қозғалысты бақылайды. Осылайша, Теңіздегі карантин тағы екі аптаға созылды. Бүгінде Атырау облысындағы коронавирусқа шалдыққандардың саны 980-ге жетті. Оның 88 проценті Теңізде тіркелген.
Алмагүл КӨШКІНБАЕВА, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы
- Теңіз кенішіне кіріп-шығу шеттетілді. Тек аса қажетті мамандар мен азық-түлік медициналық препараттармен қамтамасыз етуші ұйымдардың өкілдері ғана өткізіледі. Сонымен қатар, вахталық мерзімі аяқталған жұмысшылар өз тұрғылықты мекен-жайларына кетуіне рұқсат етіледі.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0