42 500 теңгені алу үшін телеграм-боттан бөлек тағы бір сервис іске қосылды. Енді төлем туралы өтінішті еnbek.kz сайтында беруге болады. Ол үшін мына қадамдарды орындау қажет: сайтқа кіріп, «жәрдемақы алу 42 500» жолын таңдап, өзінің аты-жөні мен ЖСН, банк шотының жиырма таңбалы нөмірін немесе жұмыс берушінің БСН-ін енгізу. Электронды поштаны тіркеп, форманы жіберу. Әрі қарай жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды, одан кейін SMS-код арқылы келген кодты растау қажет. Өтініш өңделіп, деректер тексерілгеннен кейін өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ал ақпарат әлеуметтік төлемді тағайындау және беру үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жіберіледі.
42 500 ТЕҢГЕНІ Enbek.kz САЙТЫ АРҚЫЛЫ АЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
- Сайтқа кіру;
- «Жәрдемақы алу 42500» бөлімін таңдау;
- Аты-жөні, ЖСН, жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды толтыру;
- Форманы жіберу;
- Телефон нөмірін енгізу;
- SMS-код арқылы телефон нөмірін растау;
- Өтініштің жіберілуі;
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0