Атырау, Caspian News.
Түс әлетінде қаладағы сервис колледжінде 20 студент бұрышты газ баллоннан уланып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оның 19-ы облыстық, біреуі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың жағдайлары жаман емес. Тиісті ем-шара жасалған соң алды үйлеріне жіберіле бастапты. Оқиға орнында тексеріс жұмыстарын жүргізген полицейлер күдіктіні де ұстап үлгерді. Ол 17 жастағы осы оқу орнының студенті болып шықты. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің бұзақылық бабы бойынша іс қозғалуда. Айта кетейік, оқыс оқиға кезінде ғимаратта төрт жүздің үстінде адам болған. Жалпы, зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін 12 медиицналық көлік жұмылдырылған.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0