Басты ақпаратЖаңалықтар

СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА МАҢҒЫСТАУҒА 3 ТРЛН.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНҒАН

Соңғы 5 жылда Маңғыстау облысына 3 триллион теңге инвестиция тартылған. Бұл аймақ экономикасының алға басуына айтарлықтай ықпал етті. Биыл он ай ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 840 миллиард теңге салыныпты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға артық. Мұндай мәліметті Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде облыс басшысы Нұрлан Ноғаев айтты. Ал 2023 жылдың басынан бері 12 инвестжоба жүзеге асырылып, оған 11 миллиард теңге жұмсалған. Оның ішінде ет комбинаты, темірбетон, антифриз, металл, техника, арнайы жабдық, өндірісі секілді жобалар бар. Және тағы бір маңыздысы жасыл сутегі өндісі зауытының құрылысы. Мұның ішінде су тұшытатын зауыт құрылысы мен қайта қалпына келетін энергия көзі станциясы және 2 миллион тонна жасыл сутегі өндіретін зауыт бар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *