Атырауда соғыс және тыл ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу өтті. Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Олардың сөзінше, мұндай кездесу атыраулықтар үшін өте маңызды. Себебі, қазіргі уақытта аймақта бірде бір соғыс ардагері қалған жоқ. Облыс басшылары жиналғандарды жеңіс күнімен құттықтап, лебіздерін білдірді. Іс-шараға ұлы отан соғысы ардагерлерінің есімі берілген білім ордаларының директорлары да қатысып, сұрапыл жылдардың қасіреті мен тауқыметін жас ұрпаққа насихаттау бағытында жасап жатқан жұмыстары туралы айтты.
Толығырақ: https://fb.watch/ktQl2KCq87/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0