Басты ақпаратЖаңалықтар

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҰРПАҚТАРЫ ҚАРЖЫ ЖИНАП, ЕСКЕРТКІШ ОРНАТТЫ

Жеңіс мерекесі күні Жанбай ауылында соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылды. Әрқайсының биіктігі 3,5 метр болатын екі стелла боздақтар обелискісінің екі жағына орналастырылған. Стеллаларға кезінде Забурын селолық округінен соғысқа қатысқан 60 адамның суреті, туған және өмірден озған уақыты қашалып жазылыпты. Соғыстан оралмаған боздақтарға арналған облиск ауылда бұрыннан бар еді. Жыл сайын мейрам қарсаңында сол жерге соғыс ардагерлерінің суреті бар баннер ілінгенмен, жел-күн өтінде тұрған соң тез тозып қалатын. Осыны көріп жүрген соғыс ардагерлерінің ауылдағы ұрпақтары ақылдаса келе, қаржы жинап, ескерткіш орнатуды жөн көріпті.
Толығырақ: https://fb.watch/ktFsetf3Pg/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *