Басты ақпаратЖаңалықтар

Сот отбасының шырқын бұзған жанжалқойды үйінен уақытша шығара алады

Сотқа отбасындағы жанжалқойды тұрғын үйден уақытша шығару құқығы берілмек. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ренат Зулхаиров айтты.

«2023 жылғы 8 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес, бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын ілгерілету шараларын күшейту жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленді. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді және ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланған. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар аясында сотқа „агрессорды“ тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Сондай-ақ, сот „агрессордың“ денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстан өтуін міндеттеуге құқылы», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, осыған ұқсас мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптар Қылмыстық кодекстің аясында да белгіленеді.

«Сонымен қатар, ел Президенті ІІМ-де отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құруды тапсырды. Ол отбасын қолдау орталықтарымен, ҮЕҰ-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын шешумен айналысады», — деді Ренат Зулхаиров.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *