Соколок каналының тұсына тұрғызылған бөгет жарылды. Қазір өр суы айналаға жайылып жатыр. Енді бар үміт елдімекендердің маңындағы бөгеттерде. Қазір солар қосымша тағы бекітіліп жатыр.
Соколок каналының бойындағы бөгеттің бұзылуына желдің қатты болуы себеп. Ол өр суы қарқынының одан әрі күшеюіне ықпал етті, — дейді штаб мүшелері. Қазір тасқын бұзған участок бітеліп жатқан жоқ. Себебі су шыққан тұсты қалыпқа келтіру мүмкін емес көрінеді.
«Соколок» каналын қазғандағы мақсат — Атырау қаласына қауіп төндіруі мүмкін мол су нөпірін теңізге қарай бағыттап жіберу болатын. Оның бойында бір емес, екі бөгет бар. Олар бір-біріне параллель жатыр. Біреуін тасқын жарғанмен, екіншісі ұстап қалады деген сенім жоқ емес. Қазір соның бойы тағы да нығайтылуда. Одан қала берді сол маңдағы елдімекендерді де қоршай тұрғызылған бөгеттер бар. Учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.