Атыраулық синоптиктер қараша айы мен алдағы қыстың қалай болатындығына болжам жасады. Метеорологтардың айтуынша, қарашада ауа температурасы -1 мен +2 градус аралығында болмақ. Жауын-шашын мөлшері де орташа: 10-18 мм шамасында. Өткен жылмен салыстырғанда желтоқсан, қаңтар, ақпандағы күн райында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қаңтар айында ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендемек. Сондай-ақ, мамандар Атырау өңіріне тән екпіні қатты жел мен шаңды дауылдың болып тұратындығын ескертті.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0