«Силлено» компаниясының басшылығы «Каспиймұнайгаз» АҚ-мен бірлесіп, өңірде полимерлік шикізатты өңдеумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесті. Арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстелге жергілікті әкімдік, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және бірқатар шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Жиында жаңа өндірістер құру перспективалары, бизнес пен мемлекет арасында тығыз байланыс орнату тақырыбында сөз қозғалды. Осы орайда, «Силлено» компаниясы аймақта полиэтилен өндірісі бойынша ірі зауытты салуға атсалысып жатқанын айта кеткен жөн. Кәсіпорын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында бой көтермек. Ол 2029 жылы толықтай іске қосылады. Ал өндіріс ошағының қуаты импорттық шикізатқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Мамандардың сөзіне сүйенсек, өткен жылы шетелден келетін полимер шикізатының көлемі шамамен 300 мың тоннаны құраған.

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0