Жаңа жылдың жаңалығы сол — ірілі-ұсақты сауда орындарының сатушылары мобильді аударымнан бас тартып, клиенттерден қолма-қол ақша талап етуде. Басқа амалымыз жоқ, — дейді олар.
Себебі, енді телефондағы банк қосымшасына 3 ай қатарынан 100 түрлі адамнан аударым түссе, салықшылар тексереді. Бұл ең бірінші кезекте, кәсіпкерлерге қиындық туғызып отыр. Саудагерлер жауаптылардан салық көлемін азайтуды сұрайды. Әйтпесе, кірістен шығысымыз көбейіп кетеді дейді.
Мұндай тексеріс елдегі көлеңкелі экономиканың жолын кесуге бағытталған. Яғни, жауаптылар осындай шараның көмегімен заңсыз табыс тауып отырғандарды анықтамақ. Ал, сатушылар жеке кәсіпкер болып тіркелсе де, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Себебі, аударым арқылы төлем қабылдауға әу бастан тыйым салынған.