Басты ақпаратЖаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕГІЗСІЗ ЖАУАПҚА ТАРТҚАН

Атыраудағы полиция қызметкерлері жеке тұлғаларды негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Мұны Атырау қалалық прокуратурасы хабарлады. Полицейлер жүргізушілерден өзімен алып жүруге міндетті емес құжаттарды талап еткен. Нақтырақ айтқанда, көлік иелерінен жеке басын куәландыратын құжатты сұрап, болмаған жағдайда айыппұл салған. Прокурорлардың сөзінше, полиция қызметкерлері автокөліктің иесінің деректерін мобильді планшеттері арқылы анықтай алады. Талдау жұмыстарының нәтижесінде 1079 әкімшілік қаулының күші жойылыпты.
Толығырақ: https://fb.watch/kBRPKEr8Dh/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *