Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚҚА ЖАҢА АППАРАТ БЕРІЛДІ

Атырау облыстық перинаталды орталығы жаңа құрылғымен, яғни, наркозды-дем алу аппаратымен толықты. Бұл қоғамдық қорлардың бірінің сыйлығы. Аппараттың бір өзі бірнеше міндетті атқара алады. Соның арқасында ота жасау кезінде дәрігерлердің жұмысы біраз жеңілдейтін көрінеді. Заманауи жабдық қауіпсіздік жағынан барынша жетілдірілген және сыртқы пішіні өте ыңғайлы. Ал, бірегейлігі сол — науқасқа ота жасау кезінде оның ағзасында болып жатқан процесстерді бақылауға және қандай да болмасын өзгерістер туындаған кезде оған жедел әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Жалпы перинаталдық орталықтың жан сақтау бөлімшесінде тәулігіне жоспарлы түрде 3-4 ота жасалатындығын айта кетейік.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *