Басты ақпаратЖаңалықтар

ОПЕК+ МҮШЕЛЕРІ МҰНАЙДЫ КВОТАДАН АРТЫҚ ӨНДІРГЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ӨКПЕЛІ

Қазақстан ОПЕК ұйымына мүше болмаса да, күтпеген жерден шешуші рөл атқара бастады. 3 наурыз күні ОПЕК+ мұнай өндіруді сәуір айынан бастап тәулігіне шамамен 138 мың баррельге ұлғайтуға келісті. Бұл 2022 жылдан бергі алғашқы өсім. Альянс бір жағынан әлемдік сұраныстың аздығы және екінші жағынан АҚШ президенті Дональд Трамптың үндеуіне байланысты өндіріс көлемін ұлғайту керек пе, әлде жоқ па деп таразыға салған болатын. Ал Қазақстанның соңғы кездері мұнайды шамадан тыс өндіруі бұл шешімге әсер етті, — деп жазады Рейтер агенттігі. ОПЕК+-тің бірнеше мүшесі, соның ішінде жетекші мұнай өндіруші ел Сауд Арабиясы Қазақстанда мұнай өндіру көлемінің рекордтық деңгейге жетіп, квотадан айтарлықтай асып кеткеніне наразылық танытуда. «Егер альянстың кейбір мүшелері квотаны сақтамаса, өндірісті шектеуді жалғастырудың еш мәні жоқ. Сондықтан олар артық өндірісті өтету үшін Қазақстанға қатты қысым көрсетпек», — деп жазады дереккөздің бірі. Қысымның қалайша жасалатыны белгісіз, өйткені картельдің нақты тетігі жоқ. Өйткені Қазақстан ОПЕК-тің мүшесі емес. Ал күні кеше Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылы өндіріс көлемінің 10 пайызға ұлғаятынын мәлімдеген еді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *