Жыл басынан бері атыраулық полицейлер жасөспірімдерге қатысты 733 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Кәмелет жасына толмағандардың көбі түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүруді ұнататын көрінеді. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі және құқықтарын қорғау туралы комиссия отырысында айтылды. Былтыр комиссия 116 іс-материалды қарап, 2 баланы Ақтау қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналыстыру туралы шешім қабылдаған. Және 7 ата-ананың ата-аналық құқықғын шектеп, біреуін құқығынан айырған, 47 ата-анаға ескерту берген. Ал биыл 47 жасөспірімге қатысты іс қаралған.
Толығырақ: https://fb.watch/kBVx_lFujN/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0