Жаңалықтар

Облыстық әкімдіктегі кадрлық ауыс-түйіс

Облыстық әкімдіктегі кадрлық ауыс-түйіс.Өңір басшысыМахамбет Досмұхамбетов актив алдында жаңадан тағайындалған лауазым иелерін таныстырды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында жарияланған ішкі конкурстың қорытындысымен Бағытжан Төлеген Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы болып еңбек еткен.

Ал Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл лауазымға осыдан бір жыл бұрын тағайындалған экс-шенеуніктің енді қайда жұмыс жасайтындығы әзірге белгісіз.


Одан бөлек, аймақ басшысы жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімовты ресми түрде таныстырды.

Бұған дейін ол осы агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметтерін атқарған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *