Басты ақпаратЖаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕГІ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙДЫ

Атырау облыстық әкімдігіндегі басқармалар саны 22-ден 19-ға азайды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс 2-нші сессиясы барысында айтылды. Депутаттардың келісімімен бірнеше басқарма біріктірілді. Мәселен, құрылыс пен сәулет және қала құрылысы басқармалары қосылатын болды. Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары басқармаларының ұжымы да алдағы уақытта бір басшының жетекшілігімен жұмыс істемек. Балық шаруашылығы басқармасы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қосылды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *