Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген үйлерді жекешелендіруге рұқсат етілмек. Бұл туралы «Ашық» нормативтік-құқықтық актілер порталындағы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құжатында айтылған, — деп хабарлайды курсив басылымы. «Үкімет жалғыз баспанасы авариялық деп танылған адамға жалға берілген тұрғынжайын жекешелендіруге рұқсат береді. Бұл халықтың әлеуметтік осал тобына жалға берілген тұрғын үйді меншіктеу құқығын беруге және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тұрғын үй қорын ұстауға арналған шығысын азайтуға ықпал етеді»,- делінген құжатта. Тек мемлекеттен баспана алған кезде өз меншігіндегі апатты үйді жергілікті билікке тапсыруы қажет. Ал сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерде тұрып жатқан басқа санаттағы азаматтарға баспананы нарықтық бағадан арзанға сатып алуға рұқсат берілмек.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0