«Жұмысшы мамандықтар» жылына орай жұмыскерлерге қолдау артты. Соның бірі – тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған. Елімізде «Наурыз жұмыскер» атауымен жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Ол техникалық мамандарға арналған ипотека. Яғни, оған тек өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласының қызметкерлері қатыса алады. Өтінімдер 17 наурыздан бастап «Отбасы банк» арқылы қабылданады. Кейін өтінім берушілердің ұпайы есептелінеді. Жалпы жоба аясында 72 млрд. теңге бөлініп, 2440 несие беру жоспарланған.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0