Басты ақпаратЖаңалықтар

МӘЖІЛІСМЕН АТЫРАУ ОБЛЫСЫН «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚ» ДЕП ТАНУ КЕРЕКТІГІН ТАЛАП ЕТТІ

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына Атырау облысынан сайланған Әділ Жұбанов аймақтың экологиялық ахуалы туралы үкіметке депутаттық сауал жолдады. Жоғарыдағыларға 700 000 атыраулықтың аманатын жеткізуге тырысқан ол Атырау аймағындағы экологиялық ахуалдың нашарлауына мұнай-газ саласы және әлі күнге дейін аудан, ауылдарда орналасқан полигондар әсер етіп отыр деді. 2022 жылы Атырау аспанына 131 млн. тонна улы қалдық шығарылыпты. Ал мұның зардабын жергілікті халық тартып отыр. Оның дәлелі ретінде онкологиямен ауыратын жандардың және нәресте өлімінің республикалық көрсеткіштен шамамен 30 пайызға жоғары болуын айтса жеткілікті.

Бұдан өзге депутат «Азғыр», «Тайсойған» полигонының зардабы туралы айта келіп, Атырау облысын экологиялық дағдарыс аймағы деп тану керек деді.

Және жергілікті бюджет есебінен тұрғындарға кемінде 50 пайыздық экологиялық үстемақы төлеу мәселесін қарастырып, оны тезірек енгізген жөн,- деді депутат.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *