Облыс орталығындағы «Мұнайшы» бассейні мемлекет меншігіне өтуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сүйенсек, бассейннің сенімді басқарушысы 2021-2022 жылдары жергілікті бюджетке 51 млн 288 мың теңге төлемеген. Келісімшартқа сәйкес, «Атырау» спорттың су түрлері бойынша облыстық клубы» ЖШС бассейнді пайдаланудан түскен барлық таза пайданы жергілікті бюджетке аударуға тиісті болғанымен, мұны орындамаған. Кәсіпкер мұны сол кезде қаржылық шығынға ұшырауымен байланыстырып отыр. Осы іс бойынша өткен жылдың желтоқсан айының соңында сот процесі аяқталды. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, төленбеген қаржыны өндіру туралы шешім шығарылды. Алайда шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0