Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы шамамен үш пайызға өсті, ал Brent маркалы мұнайдың баррелі 2024-жылдың тамыз айынан бері алғаш рет 82 доллардан асты, деп хабарлайды ақпараттық ресурстар. Астана уақытымен таңғы 08:28-де Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы 82,29 долларға жетіп, 2,96 пайызға көтерілді. Бұдан бір күн бұрын максимум 82,59 долларды көрсеткен. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 3,76 пайызға өсіп, барреліне 80,42 долларға жетті, ал ең жоғары көрсеткіш 80,74 доллар болды.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0