Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес орталығына жаңа құрылғы тарту етілді. Аппараттың ерекшелігі сол – адам бойындағы әртүрлі вирустан бөлек, COVID-19 инфекциясының бар-жоғын 5 сағатта анықтайды.
Құрылғыны жергілікті мұнай компанияларының бірі тарту етті. Мүмкіндігі мол аппарат жұқпалы ауруларды таратпаудың алдын алу үшін таптырмайтын көмек дейді олар.
Дэвид КОХИ, мұнай компаниясының медициналық директоры, доктор
-Басты мақсатымыз – коронавирус инфекциясын анықтайтын ПЦР тестілеудің мүмкіндігін арттыру. Бұл аппарат Оңтүстік Корияда жасалған. Сонымен қатар, ол реактивтерге байланысты мыңдаған вирусты анықтай алады. Атырау облысы тұрғындарына дәл осылай қолдау мен көмек көрсете алғанымыз үшін қуаныштымыз.
ПЦР автоматы күніне 30-дан астам сынаманың қорытындысын шығара алады. Аппараттың ЖИТС орталығына табысталуының негізгі себебі, облыстық экспертиза орталығының вирусты анықтаудағы жұмысын жеңілдету мақсатында,- дейді орталық директоры.
Байтолла ҒАЗИЗОВ, Атырау облыстық ЖИТС орталығының директоры
-Мекеме жалпы өздеріңіз білесіздер ЖИТС орталығы болғандықтан әрбір вирусты қарайтын бірден бірі мекемелердің бірі болып есептеледі Атырау облысы бойынша. Жалпы қазіргі таңда бұл ПЦР аппараттың бізге қажеттілігі орталықтағы қазір жасап жатқан центр экспертизы орталығы бар. Сондықтан олардың жүктемесін азайту үшін арнайы біздің орталыққа әкеліп біздің мамандармен де қаралып, халыққа қызмет көрсетілетін болады.
Өз кезегінде орталық қызметкерлері мұнай компаниясының өкілдеріне алғыс білдірді. Аппарат күні кеше келгендіктен, онымен жұмыс істейтін мамандар енді белгіленеді.