Жаңалықтар

МҮГЕДЕКТЕР МҰҢЫ

Бөгде біреудің қол-ұшы көрсетілмесе қозғала алмайтын І топ мүгедектері наразылық білдіруде. Айтуларынша, анда-мұнда ертіп, қажеттіліктеріне зыр жүгіретін жеке көмекшілеріне берілетін жалақы толық мөлшерде төленбейді. Тіпті, табельді кері толтыру талап етіледі,- дейді қамкөңіл жандар.

Бердіғали ЖИЕНБАЕВ, І топ мүгедегі

  • Договорды көрсетсін білейік, 100 сағат па, әлде 150сағат па. Бізге тек 100-ден асырмаңдар. Асырса, телефон соғады, келіп 100 қылып түзетіп кетіңдер деп.

Раушан СУЙЕУОВА, І топ мүгедегі

  • Табельді қолдан жазамыз. Үйден не істегенімізді бәрін. Ол табельді тапсырамыз екі жақты қол қойып, көмекшіміз қол қояды, мен қол -қоямын растап. Алдыңғы айларда жақсы төленіп 75-80 мыңдай алып жүрдік көмекшіге. Енді осы айда бізге каким-то образом сіз 2сағаттан артық далаға шықпауыңыз керек деп диалезге барғанда тек 1 сағатты қосасыз деп, 3 сағаттан айына 25мың тг ақша төлейін деп тұр.

Мүгедектердің өз өтінішімен жеке көмекшілікке ет жақындары тартылады. Заң бойынша олардың табеліне 8 сағатқа дейінгі жұмысы жазылады. Бірақ үйдегі емес, түздегі шаруалар ғана енгізіледі.

Гүлшат ЖҰМАҒАЛИЕВА, қалалық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары

  • 26 бұйрыққа сәйкес өздері де біледі. Нақты барған жерін көрсетеді. Мысалға дәрігерге барған жағдайда үйінен шығып дәрігерге барған уақытын көрсетеді. Ішіндегі сағаты көрсетілмейді, ілесіп жүрген уақыты. +2:29 Сот органдарына, дәріханаға, медицина орындарына, ауруханаға барғандары қабылданады.

Яғни, жеке көмекшілердің серуенге шығып, қонаққа барған кездері есептелмейді. Ал олардың қызметақысын жүзеге асыратын «Мақат корпоративтік қоры» төлем көлемінің күрт азайып кетуін карантинмен байланыстырды.

Тыныштық ЕЩАНОВА, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ «Мақат» корпоративтік қорының президенті

  • Елде төтенше жағдай жарияланған кезден бері жеке көмекшілерге мүмкіншілігі шектеулі жандарды баратын жерлеріне тек аса қажет жағдайда ғана апаруларын айтып келеміз. Мүгедектердің өзінен де карантин режимін сақтауды өтіндік. Яғни осыған байланысты олардың әдеттегі сағаттары азаяды.

Айта кетейік, мүмкіншілігі шектеулі жандардың бәріне бірдей жеке күтуші бекітілмейді. Бүгінде Атырау қаласы бойынша І топ мүгедектерінің саны мыңға жуықтаса, тек 400-ден астамында көмекшісі бар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *