Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы өсетініне дайын болуға шақырды және мемлекет кәсіп ісіне араласпайтынын жеткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Меніңше, бұл барлығы да болжаған шара. Бұл кейбір адамдардың әрекеті емес, бұл күн сайын көрісетін адамдардың — біздің туыстарымыз, кәсібі барлар, кішігірім дүкендері барлар. Бұл әрекетті сол себепті де ақтап алуға болады, өйткені сұраныс көп болса, баға өседі», — деді Сүлейменов.
Ол мысал ретінде жаз мезгіліндегі қонақүй нөмірлерін келтірді. «Бұл нарық, сол себепті осыған дайын болу қажет. Мемлекет өзіне әлеуметтік тауарларды алып, арнайы дүкендерде жазғы бағамен сатады деген әбестік болады. Мұны министрлік емес, үкімет емес, мұны нарық субъектілері жасайды», — деді министр. Сонымен қатар, Сүлейменов ашкөздікке бой алдырған саудагерлерге де ескерту жасады. «Бағаны тым ұшырып жібергендерді монополияға қарсы тергеу құралдары арқылы жазалаймыз», — деді ол. Министрдің айтуынша, маусымдық бағаның көтерілуі инфляцияға әсер етпейді екен. «Біз осы 5-7 пайызды сақтап қаламыз деген сенімдеміз», — деп түйіндеді ол.