Басты ақпаратЖаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДА НЕГІЗСІЗ ҚЫМБАТТАУ ҚАУПІ ТӨМЕНДЕЙДІ

Caspian News, 8 желтоқсан. Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит нәтижесінде мемлекеттік сатып алу Дқағидаларына жаңа өзгерістер енгізілді. Бұл түзетулер жобалау-сметалық құжаттаманы өзгерту арқылы қосымша қаражат сұрау тәжірибесінің кеңеюіне байланысты қажет болды.
🔍 Неге өзгеріс қажет болды?
Аудит мемлекеттік сатып алу кезінде кейбір жеткізушілердің жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарап, шарт сомасын негізсіз ұлғайтуға мүмкіндік алып отырғанын анықтаған. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалу тәуекелін арттырған.
🛠 Үкіметке қандай ұсыныстар берілді?
•Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін қарау.
•Жеткізушіні таңдау кезінде қолданылатын баға жеңілдігін есептеу тәртібін нақтылау.
📌 Енгізілген негізгі норма
Енді жаңа талап күшіне енді:
Егер шартқа сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты, шарт сомасын ұлғайтуға әкелетін өзгерістер енгізілсе, онда:
➡️ Шарт сомасын ұлғайту тек конкурста әлеуетті жеткізуші ұсынған бағаға есептелген демпингтің ең төменгі шекті мәнін ескере отырып жүзеге асырылады.
Бұл норма бюджет қаражатының артық шығындалуына жол бермеуге бағытталған.
Жоғары аудиторлық палата баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа өзгерістер мемлекеттік сатып алулардың айқындылығын арттырып, негізсіз қымбаттау тәуекелін төмендетеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *