Атырау өңіріне келген «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызының Исатай ауданындағы күндері Нарын бекетінде жалғасты. Шалғай ауылдардағы елді мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді мақсат еткен пойыздағы дәрігерлік бригада құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, гинеколог және уролог бар. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық – Қазына» АҚ-ның әлеуметтік жобасы аясында іске асырылуда.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0