Басты ақпаратЖаңалықтар

Маңғыстау әкімі қаланы безендіруге 30 миллион теңге жұмсамақ

 Облыс орталығын жаңа жылға эстетикалық безендіруге бюджеттен 29 946 785 теңге бөлінгені белгілі болды. 

Техникалық ерекшелікке сәйкес мердігер 10-20 желтоқсан аралығында екі жерде – «Ынтымақ» алаңы мен 15-шағын ауданда шырша орнатып, оны безендіруі тиіс.

«Қазақтелеком» ғимаратынан «Халық банк» ғимаратына дейінгі аралықтағы ағаштар мен бұталарда, алаңда мерекелік жарықдиодты гирляндалар ілінеді, шағын сәулеттік нысандары бар фотоаймақ ұйымдастырылады. Электр элементтерін қосу «АЭжБУ» МКК-мен келісілуі қажет.

«Өткен жылдардан жасанды 15 метрлік екі шырша қалды, ал жыл сайын жаңа гирлянда сатып алу қажет, өйткені ауа-райына байланысты олар тез жарамсыз болып қалады», — деді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м.а. Бақтияр Мақсатов.

15 қаңтарда жаңа жылдық безендіру қалалық ТҮКШ бөлімінің балансына беріледі.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *