Басты ақпаратЖаңалықтар

Маңғыстауда 36 адам тамақтан уланды

Бейнеу ауданында 19 ақпан күні қоғамдық тамақтану орталығында ас ішкен 36 адам уланып, 28 адам ауруханаға жатқызылғаны белгілі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді. 8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған. Дәрігерлер айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Уланғандар «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанғаны белгілі болып отыр. 22 ақпаннан бастап мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды. «Науқастарды облыс орталығына тасымалдау үшін тиісті көрсеткіш жоқ. Облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген және тағы 20 төсек орын дайындалады.

Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды, дәрігерлердің жіті бақылауында. Эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр. Ақпарат сағат сайын жаңартылып отырады», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жаппай тамақтан улану фактісі бойынша Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *