Маңғыстау облысында өлген итбалық саны көбейіп барады. Теңіз жағасынан табылған өлексе саны 289-ға жетті. Мұндай ақпаратты Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері таратты. Олар «Гидробиология және экология институтының» өкілдерімен бірлесіп, Каспий теңізінің Түпқараған ауданы маңындағы жағалауына мониторинг жасаған еді. Мамандар күн сайын Каспий жағалауын тексеріп, теңіз суын бақылап жүрміз дйеді. Бұған дейін Баутино ауылының маңынан 151 итбалықтың өлексесі табылған еді. «Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының өкілдері» теңіз жағасында итбалықтан бөлек, су құстарының да өлексесі жатыр дейді.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0