Маңғыстау облысында қардың қалың жаууы себепті кейбір бағыттағы жолдар жабылды. Мысалы соңғы екі тәуліктен бері «Жетібай — Жаңаөзен — Түрікменстан республикасының шекарасы» жолының 179-227 шақырымы аралығында батып қалған 40-тан астам жүк көлігі «Қажсервис» филиалы қызметкерлерінің көмегімен шығарылды. Трассаның дәл осы бөлігі асфальтталмаған. Сондықтан мамандар аса қажеттілік болмаса алыс сапарға шығудан бас тарту қажеттігін ескертеді.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0