Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА СУ ТАПШЫ

Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілсе де төрт түлікті сумен қамтамасыз ету қиынға соғып тұр. Соңғы 2 жылда болған қуаңшылықтан кейін шаруалар жем-шөп пен субсидия ала бастады. 2021 жылдан бері қаржыландыру көлемі 6 есеге өскен. Жалпы бұл саланы қолдау үшін қарастырылған қаржының сомасы 818 миллион теңгеден асты. Бірақ, шаруалар тіршілік нәрі тапшы болғандықтан әлі күнге дейін кәсібін қалыпқа келтіре алмай жүр. Солардың бірі, қуаңшылық кезде жүздеген бас ұсақ малынан айырылған – Құмар Нұрпейісова. «Әзірге қой-ешкінің санын көбейтуге тырыспаймын», — дейді шаруа.
Толығырақ: https://fb.watch/kBSmyG_Uxn/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *