Маңғыстау облысындағы дүлей дауыл тұрғындарды әбден әбігерге салды. Ақтау қаласындағы бірнеше шағын ауданда электр энергиясы өшті. Аймақты жарықпен қамтып отырған «МАЭК» мекемесінің мәліметінше, қатты соққан дауылдың салдарынан кәсіпорында ақау шыққан. Әлеуметтік желідегі мына видео Қарақия ауданында түсірілген. Ғимараттардың құлаған шатырынан аяқ басып жүру мүмкін емес. Тіпті қауіпсіздік мақсатында оқушылар онлайнға оқуға жіберіліпті. Ал бұл Ақтауда болған жайт. Қатты желдің кесірінен аялдама құлаған. Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілген.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0