Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мақат ауданына жаңа әкім келді. Бұл лауазымға аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Азамат Мәмбетов тағайындалды. Ол 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2006 — 2009 жылдар аралығында Ақтөбе қалалық әкімі аппараты жанындағы мекемеде, кейін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасында кадр ісі жөніндегі бас маман қызметін атқарды. Одан әрі 2019 жылдан күні бүгінге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында басшылық қызметтерде еңбек етті.

Толығырақ бейнематериалда

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *