Caspian News, 22 желтоқсан. Атырау облысында газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы жалғасып жатыр. Осыған байланысты Мақат ауданында «Газды кешенді дайындау қондырғысының (ГКДҚ) қоршаған ортаны қорғау бөлімі» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды.
Жиынға қоғам өкілдері, сарапшылар және колледж студенттері қатысып, зауыт құрылысының қоршаған ортаға әсері, соның ішінде ауа мен су ресурстарының ластану қаупі және экожүйеге келетін ықтимал зиянды азайту шаралары талқыланды.
Мердігер компаниялар зауытта қолданылатын технологиялар мен газды кешенді дайындау процесі туралы ақпарат ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ГӨЗ-ді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік, апаттардың алдын алу және төтенше жағдайларға әрекет ету мәселелері көтерілді.
👷♂️ Құрылыс алаңында:
– 1 858-ден астам маман жұмыс істейді
– оның ішінде 1 274 — тікелей өндірістік персонал
– түнгі ауысымда шамамен 107 адам
– 346-дан астам құрылыс техникасы тартылған
🔹 Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, әсіресе түнгі жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде.
🏗️ Құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ) барысы:
– Іргетас құю, металл конструкцияларын, қызмет көрсету алаңдарын және технологиялық құрылымдарды монтаждау жалғасуда;
– Өртке қарсы құбыр желісін монтаждау, іргетастарды қалыптау мен арматуралау, сыртқы инженерлік желілер бойынша топырақ қазу және кері көму жұмыстары жүргізілуде;
– РВС-5000 резервуарларын жинақтау, дәнекерлеу және бояу жұмыстары атқарылуда;
– Эстакадалар мен титуалдарда металл конструкцияларын монтаждау және бояу жалғасуда;
– Вахталық қалашықта кіреберіс топтар, ішкі инженерлік желілер, электр және әлсіз ток жүйелері орнатылуда, қалқалар қойылуда;
– 40/4/1 резервуарының гидросынағы аяқталып, 10С резервуарына дайындық жүргізілуде;
– 9 және 10 титуалдарда 10 резервуардың 7-еуі термоөңдеуден өтті.
📊 Негізгі жұмыстардың орындалуы:
– Іргетас бетон жұмыстары: 57 763 м³ (76,3%)
– Металл конструкцияларын монтаждау: 7 866 т (39,0%)
– Механикалық жабдықтарды монтаждау: 4 521 т (46,6%)
– Резервуарларды монтаждау: 1 826 т (91,1%)
– Жер асты құбырларын тарту: 24 160 м (49,5%)
АО «QazaqGaz» ҰК жоба жүзеге асырылуына кешенді бақылауды жалғастырып, құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңде сапа мен қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз етіп отыр.








