Футзалдан Рудный қаласында өткен Қазақстан Республикасының біріншілігінде жүлдегер атанған мақаттық жас футболшыларды жерлестері құрметпен күтіп алды. Жасөспірімдер арасында өткен жарыста үздік үштікке іліккен мақаттықтар жартылай финалда Рудный қаласының «Аят-2008» командасымен тең түсіп, пенальти сериясында есе берді. Бірақ қола жүлде үшін өткен бәсеке кезінде маңғыстаулық «Мұнайшы» командасын 3:2 есебімен қапы қалдырды. Жалпы 15 команда бақ сынаған жарыстың бірінші кезеңі қаңтар айында Алматы қаласында өткен болатын.
Толығырақ сілтемеде
https://www.facebook.com/reel/258024103243766
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0