Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҚАТТА ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ ӨЗ-ӨЗІНЕ ЖЕР БЕРГЕН

Мақат ауданы әкімінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар мемлекеттік қызметті тиісті деңгейде орындамай, міндетті конкурстық рәсімдерді елемей, лауазымды тұлғалардың құзыреттілігіне кірмейтін шешім қабылдаған. Мұны Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімін тексерген Мақат ауданының прокурорлары анықтады.

Аудан әкімі орынбасарының бірі тұрғындарға аукционсыз 9 жер учаскесін берген. Қазіргі кезде жалпы құны 144 млн теңге болатын 61 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Қалған 6-ын қайтару жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, аудан әкімінің тағы бір орынбасары кәсіпкерлерге жер учаскесін тегін таратыпты.

Учаскені заңсыз алғандардың арасында жер комиссиясының мүшелері де бар. Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде аудан әкімінің екі орынбасары тәртіптік, ал жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *