15 мамыр – Махамбет поэзиясының күні. Жыл сайын республикалық деңгейде аталатын күн биыл елдегі жағдайға байланысты онлайн режимде ұйымдастырылды. Ақынның мұрасын насихаттау мақсатында Индер ауданында өткізілген шара батыр баба рухына арналған «Махамбет мұрасы – егемен елдің өшпес рухы» тақырыбындағы кітап көрмесінен басталды.
Гүлнәр САДЫҚОВА, кітапхана директоры
-Қазіргі уақытта кітапханашыларымыз Абайдың, Әл-Фарабидың мұрасын насихаттауға байланысты оқу челендждерін өткізуде. Сонымен қатар Махамбет Өтемісұлының шығармаларын насихаттауға байланысты поэзия күндерін өткізуде. Махамбет шығармаларына байланысты вертуальды кітап көрмелерінде, шығармаларын дауыстап оқуды әлеуметтік желілерге жүктеуде. Алдағы уақытта мәдени шараларымыз онлайн түрінде жалғаса береді.
Жырсүйер оқушылар батырдың өлеңдерінен үзінді оқыды. Солардың бірі Әлихан Кенжеғалиев Махамбет ақынның 70-ке жуық шығармасын жатқа біледі.
Ұзақ жылдар бойы туған жерге қайтарылмаған батырдың мүрдесі 1983 жылы 15 мамырда қайта жерленген болатын. Сол сәттен бастап ауданда кең көлемде «Махамбет поэзиясы күнін» өткізу дәстүрге айналған.