6-маусымда Махамбет ауылының маңында Жайық өзенінің деңгейі бір күнде 2 см-ге төмендеп, су деңгейі қазір 10 м болып тұр. Индербор кентінде де су деңгейі күн санап түсіп жатыр. Бүгін 5 см-ге төмендеп, 910 см-ді көрсетті. Атырау қаласының тұсында Жайық деңгейі бір тәулікте 2 см-ге төмен түсті. Қазіргі көрсеткіш — 594. Сондай-ақ, Жаңаталап ауылының маңында су деңгейі 2, ал Еркінқала тұсында 1 см түсті. Қиғаш-Шортанбай бекетінде су деңгейі 1 см-ге төмендесе, Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі тұрақты. 6-маусым күні Иреклі су қоймасынан секундына 90 текше метр су жіберіліп жатыр.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0