Жаңалықтар

МАСА МАЗАЛАУДА

Маса мазаны алды. Карантин қашан аяқталады деп жүргенде кенеттен қаптаған қансорғыштар қалалықтарды әбден әбігерлеген сыңайлы. Күнделікті жүргізілетін дезинсекциялық жұмыстар да тұрғындардың көңілін көншітпей тұр. Өйткені зиянкестердің азаятын түрі жоқ. Күндіз де көп.  

  • Енді күндіз деген осы кешке  далаға шықпаймыз мына күндіз маса  — — тастайды, даже қазіргі  масалар мынадай аллергия беред. Ұласа жақсы
  • Да, комары есть, вот даже сейчас мы гуляем, его укусил комар. Вчера гуляли, покусали. Дома тоже есть.
  • Комаров очень много, почему-то не травят… С детьми гуляем, комары кусаются, в домах, в подъездах. Я сама работаю в аэропорту, там вообще ужас.

Энтомологтар қансорғыштардың күрт көбеюін табиғи құбылыс деп түсіндірді. Айтуларынша, көктем масаның шығуы үшін қолайлы уақыт. Оған бірнеше фактор бар.

Айнагүл ДӘУЛЕТЯРОВА, биолог-энтомолог

  • Биологиялық ырғақ деп аталады. Себебі қазір көктем, көктемде популяция көбеюі басталып жатыр. Қазір жануарлардың ұя салуы, судың көтерілуі, температураның жоғарылауы – осының барлығы. Сонымен қатар, Ақ Жайыққа су келіп жатыр, балық көбеюде. Осылар биологиялық тепе-теңдік деп аталады.  

Биыл дезинсекциялық жұмыстарға 34 млн теңге бөлінген. Ал қала бойынша масаның бес ошағы бар.Олар: Сарыөзек, Сасықсай, Перетаска, Ерік-Мостовой каналдары мен Ақ Жайық резерваты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *