Басты ақпаратЖаңалықтар

Мамандар: «Аққудың қырылуы — табиғат заңы»

Маңғыстаудағы Қаракөл көлін зерттеген мамандар мен жауаптылар брифинг өткізіп, айдындағы аққулардың қырылуы – табиғат заңы деді бірауыздан.

Яғни, иммунитеті әлсіз су құстары құс тұмауын көтере алмай өліп, табиғи жолмен сұрыптау процесінен өтіп жатқан көрінеді. «Бұл аурудан басқа жыл құстары неге өлмеген?» деген сұраққа тәуелсіз сарапшылар аққу құс тұмауына бейім болып келеді деп жауап қатты. Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазиннің айтуынша, құс тұмауы былтыр 74 елде анықталған.

Қаракөлдегі аққулар солармен байланысқан немесе сол жақтан ұшып келген болуы мүмкін. Қазіргі таңда 870 аққудың өлгендігі анықталды. 90 пайызы көгілдір. Алматыдан арнайы шақырылған орнитологтар су мен топарықтан 18 түрлі сынама алып, санақ жұмыстарын жүргізген. Олардың айтқанына сенсек, Қаракөлге келген 87 мың құстың жартысы аққу.

Құс төресінің жаппай қырылуына «Риксос» қонақ үйінің қатысы жоқ көрінеді. Мамандар судан сынама алып, олардың ешқандай нормативті бұзбағанына көз жеткізіпті. Қонақ үй басшылығы да қалдық суды Қаракөлге бірден төге салмаймыз дейді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *