Жаңалықтар

ЛИМОН ЖӘНЕ ҚЫРЫЛҒАН ҚЫРУАР МАЛ

Келесі жылдан бастап Махамбет ауданында 1 гектар жерге лимон және қарқынды әдіспен алма өсірілмек. Сонымен қатар, аграрлық аймақ құру мақсатында 80 гектар жер телімі бөлінген. Ол бизнес жобасы ерекше саналатын шаруагерлерге ғана беріледі, — дейді тілшілермен баспасөз конференциясын өткізген Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Бахуов. Қазір ауданда 20 шаруашылық тіркелген. Олар биыл 170 гектар жерден 900 тоннаға жуық өнім алыпты.

Бұдан өзге күні кеше «Первомайский» шаруа қожалығына қарасты қырылып қалған асыл тұқымды сиырлар және одан мемлекетке келген шығын көлемі туралы да сөз қозғалды. Бірақ, аудан әкімі аталмыш жобаға мемлекеттен миллиардтаған субсидия бөлінгендігін білмейтін секілді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *