Жаңалықтар

КӨПБАЛАЛЫ АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАП, ПӘТЕР ТАБЫСТАДЫ

Жаңылсын Бақтығалиева жеті баланың анасы. «Алтын алқа» иегері. Балаларының алды 8-де болса, кішісі енді бір жасқа толады. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері демеушілердің көмегімен жуықта екі бөлмелі пәтер сыйлапты.

Бұл – қолдауды қажет ететін топтарға тиісті мекеме тарапынан жасалып жатқан көп игі істің бір бөлігі ғана. Алда келе жатқан Халықаралық Әйелдер күніне орай, аталған басқарма Жаңылсын секілді жалғызбасты, көпбалалы және мүгедек бала тәрбилеп отырған аналарға арнап қайырымдылық дастарханын жайды.

Қайырымдылық дастарханына 50-ге жуық ана шақырылды. Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, өңірде көпбалалы — 17 мың, мүгедек бала тәрбиелеп отырған -3 200 ана және 250 жалғызбасты зейнеткер әйел бар. Былтыр 15 көп балалы анаға пәтер кілті табысталған. Мұндай шаралар биыл да жалғаспақ.

Мерекелік дастархан Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздары ұйымдастырған концертпен жалғасты.

ЖАЙДАРЛЫМ ҚАЙРЕДЕН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *