Синоптиктер алдағы күндері облыстың кейбір аумағында тұман түсіп, жолдар көктайғақ болатынын ескертеді. Болжам бойынша өңірде қаңтар айында жауын-шашын көлемі аз. Алайда екпінді жел мен аяз тіркелмек. Ауа температурасы аптаның басында түнде 5-10 градус, ал аптаның ортасында 2-7 градусқа дейін төмендейді. Күндіз температура минус 2 мен 5 градус жылылық арасында құбылмақ. Сол себепті, синоптик мамандар тұрғындарды қолайсыз ауа-райына дайын болуға және сақтық шараларын ұстауға шақырады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0